Фото: kaz.inform.kz

Бас прокурордың аға көмекшісі Асхат Ауқатов Мәжілістегі дөңгелек үстелде Семей қаласында «Жасыл даму» мекемесінің ақшасына алынған қымбат қондырғының ашық аспан астында тозып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Семей қаласында «ӨКМ» операторы 2020 жылы 2,6 миллион еуроға қоқыс өңдеу жабдығын сатып алды. Ал әкімдік өз тарапынан осы уақытқа дейін зауыттың құрылысын қамтамасыз еткен жоқ. Жабдық ашық аспан астына қалып, кепілдік мерзімі аяқталды. Техниканың 1 миллион еуро тұратын бір бөлігі жарамсыз болып қалды», – деді ол.

Айтуынша, республикадағы 12 мың елді мекеннің тек 3 мыңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. 

«Бұл 23,8% деген сөз. 9 мыңында ондай полигон атымен адам жоқ. Қайта өңдеу мәселесін шешу Экология министрлігінің «Жасыл Даму» операторына жүктелді. Оператордың міндеті – жобаларды қаржыландыру. Қазір экология министрлігі осы мақсаттарға шамамен 235 миллиард теңге бөліп отыр. Семей және Ақтөбе қалаларында қоқыс өңдеу зауыттарын салу кезінде орын алған қателіктер сияқты тиімсіз шығындардың алдын алу маңызды», – деді Асхат Ауқатов.

Айта кетейік, Мәжілісте өтіп жатқан қоршаған ортаны қорғау туралы дөңгелек үстелде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыс полигондарына қойылатын экологиялық талаптарды жеңілдетуді ұсынды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!