Фото: Абай облысы полиция департаменті

Семейде 2015 жылы туылған кәмелетке толмаған бала іздестіріліп жатыр. Ол 2024 жылдың 19 шілдесінде жоғалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облысы полиция департаменті жоғалғанына біраз уақыт болған баланы табуға ат салысуды сұрайды.

Жоғалған баланың аты-жөні Маненов Әлинұр Ерланұлы, туған жылы: 2015 жылдың 26 шілдесі.

Полицияның мәліметінше, Әлинұр 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекен-жайынан белгісіз бағытта шығып, содан кері оралмаған.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Үстіндегі киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.

Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!