Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Батырұлы Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Семей қаласының әкімі болып Талғат Мұратов тағайындалды, – деп жазылған Абай облысының әкімдігі таратқан хабарламада.
Бұған дейін ол Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.
Сондай-ақ осыған дейін Семей қаласын Нұрбол Нұрсағатов басқарды. Ол өкілеттілігінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті.
Айта кетейік, Талғат Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген, үш жоғары білімі бар.
- 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.
- Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді.
- 2012-2014 жылдары – «Шығыс Самғау» ЖШС бас директорының орынбасары;
- 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін – «АТФ Банк» АҚ Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің басшысы;
- 2014-2015 жылдары – Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
- 2016-2018 жылдары – Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
- 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!