Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) үш рейтингінде қатарынан бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ең үздік шахматшы атанып, блиц пен рапид бойынша өз жас санатында көш бастады.

Дәлірек айтқанда, әйелдер арасындағы жалпы рейтингте 13-орын иеленді. Рапид пен блиц бойынша әйелдер арасында үздік ондыққа кіреді.

Бибісара Асаубаева 2019 жылы әйелдер гроссмейстері атағын алған. Сол жылы блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасымен бірге Шахмат олимпиадасында күміс жүлдеге ие болып, еліміз үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!