Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram парақшасына келіп түскен сұрақтардың біріне жауап берді. Ол оның жеке өмірімен байланысты сұрақ болды.
«Бір ыдыста тіс щеткам Сіздікімен бірге тұруы үшін не істесем болады?», – деп сұрайды аноним жігіт Бибісарадан.
«Ештеңе. Өйткені қазір ол арада бос орын жоқ» деп жазған спортшы қыз бір-екі эмодзиді де іле кетті,– деп хабарлайды Sports.kz желіден скриншот ұсынып.
Алайда спортшы қыздың желідегі парақшасында бұл жазба қазір жоқ, соған қарағанда ол оны жойып жібергенге ұқсайды.
Айта кетсек, 18 жастағы Бибісара Асаубаева блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионатының күміс жүлдегері және рапидтен Азия чемпионы. Қазір Тараздың тумасы Мәскеуде тұрады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!