KAZINFORM – Биыл 2 млн гектардан астам алқапқа шегіртке таралуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты.
2025 жылы 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжанып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға төмен. Зиянкестермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Зерттеу іс-шараларын өткізуге шамамен 4 625 адам тартылатын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда зерттеу іс-шараларына тартылатын адамдардың санын 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді, – деді ол.
Вице-министрдің дерегінше, үйірлі шегірткелерге қарсы 443 арнайы бүркігіш техникалар қолданылады. Оның ішінде 239 жерүсті желдеткіш және штангалы бүркігіштер, 100 аэрозольді газ генераторлар, 31 аса жеңіл авиация кемелері, 24 ұшақтар, 49 пилотсыз авиациялық жүйе бар.
Химиялық өңдеу кезінде әртүрлі фитосанитарлық жағдайға бейімделген жоғары тиімді пестицидтер қолданылады. Барлық облыстағы жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылған, – деді Ермек Кенжеханұлы. https://kaz.inform.kz/news/shegrtkemen-kureske-71-mlrd-tenge-zhumsaladi-8ae583/
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!