Фото: Astanaarena.kz

Бүгін сенат депутаттары елдегі ойынға тәуелділікпен күрес, лотерея қызметіне қатысты заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаевтың айтуынша, бұл шектеу мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына да қатысты.

“Бірыңғай есепке алу жүйесі негізінде шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі енгізіледі. Ол бойынша борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар, жасы 21-ге толмағандар, мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың басшыларына
құмар ойын ойнауға, бәс тігуге тыйым салуды қарастырады”, — деді вице-министр.

Вице-министрдің сөзінше, аталмыш азаматтардың биометрикалық деректері, логин және тағы да басқа деректері есепке алу жүйесінде болады. Олар ойын сайттарына кіре алмайды.

Осы жылы 10 мыңнан аса қазақстандық өзіне онлайн режимде бәс тігу ойындарын ойнауға тыйым салған еді. Сонымен қатар биыл мәжіліс депутаттары букмекерлік кеңселер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салу туралы заңды мақұлдады.

 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!