Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Процесті жүргізіп отырған судья Ержан Жанұзақов отырыстың басында сотқа қатысушыларға ақпарат құралдарына сұхбат беруден бас тартуға кеңес берді.
«Сот процесі ашық, оған БАҚ өкілдері қатысып отыр. Жиын тікелей эфирде көрсетілуде. Осыған байланысты сотқа қысым болып саналатын әрекеттерге жол бермеу үшін, тараптардан журналистерге пікір бермеулерін сұраймыз», – деді судья.
Екі тараптың өтініші
17 сәуірдегі отырыста қорғаушы тарап пен айыпталушылардың туыстары сотты Алматы қаласына немесе Алматы облысына ауыстыруды қайта сұрады. Олар жол жүрудің қиындығы мен қаржылық ауыртпалықты алға тартты. Алайда судья бұл өтінішті екінші мәрте мақұлдамады. Ол Алматы облысы аумағында тиісті тергеу изоляторы жоқ екенін айтқан.
Шерзаттың анасы мен әжесінің жағдайы
Сот отырысы кезінде Шерзат Болаттың анасы мен әжесінің денсаулық жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылды. Марқұмның әжесі түстен кейінгі тыңдауға қатыса алмады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!