Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда Шерзат Болаттың өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қойгелдиевтің айтуынша, істің материалдарымен танысуға белгілі бір уақыт қажет.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Барлық сараптамалар мен бетпе-бет тергеулер аяқталды. Дәл қанша том бар екені әзірге белгісіз, іс бойынша 11 күдікті тіркелген. Тергеу аясында 39 сараптама тағайындалып, 117 куәгер мен жәбірленушіден жауап алынды, 90 диск қаралды, 36 тергеу жүргізілді. Бұл – үлкен көлемдегі материал, оны талдау үшін белгілі бір уақыт қажет, – деді бас прокурордың орынбасары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!