Шерзат Полатқа қатысты даулы сот процесінде 1,5 жылға сотталған  кәмелетке толмаған Думан Ысқақ рақымшылық аясында бостандыққа шығуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Абзал Құспан мәлімдеді.

“Шерзат Полаттың ісін бүкіл ел талқылады. Бұл жерде адам өлімі тіркелгендіктен, рақымшылық заңы негізінен қолданылмайды. Қандай баппен қаралса да, егер оқиғаның соңы адам өлімімен аяқталса, онда кешірім жүрмейді. Алайда Қылмыстық кодекстің 434-бабына — яғни ауыр қылмыс туралы хабарламау — сай жауапкершілікке тартылғандар бұл тәртіптен тыс қалуы мүмкін” — деді депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!