Шерзат Полаттың ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаттары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Карина Көшербаеваның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
«17 қаңтарда Шерзаттың өліміне қатысты қышлмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы бізге тергеуден хабарлама келді. Енді біз қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз», дейді Карина Көшербаева.
Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полатты өлтірген болатын. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Кейін 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
2024 желтоқсанда Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев та қаза тапты. Оны өз-өзіне қол салған делінді.
Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген.
Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!