Былтыр күзде адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі тергеліп бітіп, сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысының полициясы хабарлағандай, тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан.
«Іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы өтті, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, беттеусілер өтті, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жасалды», – деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, тергеу аясында 8 бейнематериал зерттелген. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!