2024 жылы шетелдік білім беру ұйымдарынан шәкіртақы алған қазақстандық студенттер декларация тапсырып, табысының 10 пайызын жеке табыс салығы ретінде төлеуі керек, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шәкіртақы көлемі “кірістер мен мүлік туралы” декларацияда көрсетілуі тиіс. Ал «Болашақ» бағдарламасы сияқты мемлекеттік қолдау аясында берілетін шәкіртақылар салықтан босатылады.
“Салық салудан босатылатын шәкіртақылардың жеке санаттары бар. Бұл – Қазақстанның білім беру ұйымдары ұсынған, сондай-ақ «Болашақ» секілді арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында тағайындалған шәкіртақылар”, – деді салық әдістемесі басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова.
Айта кетейік, 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес шетелдік қаржы көздерінен шәкіртақы алатын студенттерге салық салынбайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!