Бүгін Шиелі ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ (Өңірлік тұрақтандыру қоры) тарапынан және аудан кәсіпкерлерінің тарапынан барлығы 15 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен бағада саудаланды.

Атап айтқанда, 1 тоннадан астам ақталған күріш, 1 тонна картоп, 5 тонна 1 сортты ұн, 0,5 тонна қарақұмық жармасы, 2 тонна қант, 1,2 тонна күбағыс майы, 7200 дана жұмыртқа, 1 тонна ет пен 200 кг шұжық, 0,5 тонна балық, 400 литр шұбат, Иіркөл ауылдық округіне 1 тонна қызанақ, Бәйтерек ауылдық округінен 300 кг қызанақ пен 1 тонна қауын тұрғындарға ұсынылды.

Қант 444 теңге, күріштің келісі 175 теңге, құрақұмық жармасы 514 теңге, күнбағыс майы 630 теңге болса, жұмыртқа 29 теңгеден сатылды.

Ет – 1700 теңгеден болса, балық 500 бен 1200 теңге аралығында. Шұжық өнімдері 1500 теңгеден басталса, бірінші сорт ұнның келісі 135 теңгеден, картоп 130 теңгеден сатылды.

Шұбат 950-1000 теңгеден, қызанақ 50-70 теңгеден, ал қауынның келісі 50 теңгеден саудаланып, жәрмеңкеге келушілер ерекше ризашылығын, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!