Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» және «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар тұлғалар» сериясынан «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925.

  • Массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм.
  • Дайындау сапасы – proof.
  • Номиналы – 1000 теңге.
  • Таралымы – 2000 дана.

Монета қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін шорт-трек спортына арналған.

«БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан дайындалған. Аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы пайдаланылған.

  • Массасы – 100 грамм, диаметрі – 50 мм.
  • Дайындау сапасы – proof.
  • Номиналы – 2000 теңге.
  • Таралымы – 500 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!