Фото: Астана әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында кәріз құдығында жұмыс істеп жатып, газға уланған 3 адамның қазіргі жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Оқиға кеше Глубокое ауылында болған еді. Кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған.
Қазіргі уақытта екеуі амбулаториялық емдеуге жіберіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды. Оларға барлық қажетті ем-дом жүргізілді. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.
— Ауруханаға жатқызылған 53 жастағы ер адам симптоматикалық ем мен инфузионды терапия алып жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, — деді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!