Фото: ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп «Өскемен – Шемонаиха ауданы – Риддер – Глубокое ауданы – Өскемен» бағыты бойынша су тасқыны жағдайына әуеден шолу жұмыстарын жүргізді, деп жазады KAZINFORM.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, әуеден бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, әуеден шолу барысында таулы аудандардағы қар қорының жиналуы бақылауға алынып, су тасқыны қаупі бар аумақтарда, соның ішінде Шемонаиха және Глубокое аудандарында қар қорының көлемі нақтыланып, су тасқыны жағдайының даму барысына алдын ала бағалау берілді.
Айта кетейік, тасқын суды қауіпсіз қабылдауды және өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар шеңберінде «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы Сергеев және Петропавл су қоймаларын қоса алғанда, өңірдің су шаруашылығы объектілерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
ТЖМ Ақтөбе облысындағы су тасқынымен байланысты жағдайды тексерді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!