Фото: Kazinform

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінде жалақыларын ала алмай келген 220 жұмысшының құқығы қорғалды, деп жазады KAZINFORM.

Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне жалақы төленбей келе жатқандығын анықтаған. Компанияның жұмысшыларға берешегі – 50 млн теңгеден асып кеткен. 

«Бұдан бөлек, Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша екі кәсіпорында да жалақы бойынша берешек толықтай өтелді. Жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген облыс прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Осы ретте, ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттігін, оны бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!