Ауа-райының қолайсыздығынан Қызылорда өңірінде қатты дауыл тұрып, салдарынан бірқатар аудандардағы нысандардың шатырына зақым келді. Нақтырақ айтқанда, Шиелідегі 4 мектеп пен 1 колледждің және Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы әкімдік ғимаратының, Жаманбай ауылдық клубының шатыры ұшты. Сондай-ақ, сол аудандарда электр желілері үзіліп, бірнеше елді мекендер жарықтан ажыраған. Электр желілерін жалғау жұмыстары бүгін толық аяқталады.
Оқиға орнында арнайы мамандар мен техникалар шұғыл түрде жұмылдырылды.
Зардап шеккен азаматтар жоқ. Нысандарда кезекшілік ұйымдастырылды. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Қазіргі таңда қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!