Қазақстанда самокат пен велосипед жүргізушілеріне қатысты заңды қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Тұрғындар самокат мінушілер тротуармен жүріп, жылдамдықты сақтамайтынын айтып, наразылық білдіруде. Сонымен қатар, нөмірлік белгілердің болмауына байланысты оларды жауапкершілікке тарту қиынға соғатыны айтылды.

Санжар Әділов бұл мәселе бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

«Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша түзетулерді дайындап жатырмыз. Оның ішінде шетелдік тәжірибені енгізу туралы ұсыныс та бар. Біз Швейцария тәжірибесін зерттедік. Ол жақта тек самокаттарға ғана емес, велосипедтерге де мемлекеттік нөмірлер беріледі. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті деп есептеледі. Қазір біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!