15 ақпанда Астана уақытымен 06:52-де Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей Федерациясының аумағында, Алматыдан 1225 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Қазақстан аумағындағы сілкініс күші:
Шығыс Қазақстан облысы:
- Өскемен – 2.0 балл
- Риддер – 2.0 балл
- Алтай – 3.0 балл
- Зайсан – 3.0 балл
- Қатонқарағай – 3.0 балл
- Марқакөл – 3.0 балл
- Үлкен Нарын – 3.0 балл
- Буран – 3.0 балл
- Күршім – 3.0 балл
- Самар – 3.0 балл
Абай облысы:
- Семей – 2.0 балл
- Аягөз – 2.0 балл
- Көкпекті – 2.0 балл
- Ақсуат – 2.0 балл
- Қалбатау – 2.0 балл
- Бородулиха – 2.0 балл
- Жоламан – 2.0 балл
- Мақаншы – 2.0 балл
- Үржар – 2.0 балл
- Бесқарағай – 2.0 балл
- Қарауыл – 2.0 балл
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен ғимараттарға зақым келу фактілері тіркелмеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!