Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында биыл бірінші сыныпқа қабылдау 10 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Бұл жаңашылдық туралы ЩҚО білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлім етті. Оның айтуынша, құжат тапсыру тәртібі негізінен өзгеріссіз қалады, алайда қабылдау науқанының мерзімдері қайта қаралған.

Мұндағы негізгі мақсат – өтінімдердің басым бөлігі қабылданатын eGov.kz порталына түсетін жүктемені азайту. Сонымен қатар кейбір ата-аналар үшін рәсім жеңілдетіледі. Мектепалды даярлық сыныптарында оқып жүрген және сол мектепте білімін жалғастыратын балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Тек баланы басқа мектепке ауыстыру қажет болған жағдайда ғана портал арқылы өтініш беру талап етіледі.

– Қабылдаудың жаңа форматына көшу бірнеше жыл бойы талқыланды. Биыл біз бұл жүйені енгізіп отырмыз. Бұл процесті ыңғайлы етіп, жүйеге түсетін жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік береді, – деді Қуат Оқасов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!