Алматы тауларында қар көшкінінен шаңғышы қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

17 наурызда Алматы ТЖД 112 пультіне «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының диспетчерінен курорттан бір шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы маңында көшкін жүргені туралы хабарлама түскен.

Нақтыланған ақпарат бойынша бұл оқиға Нунатак көлі маңындағы Талғар асуында болған. Үш шаңғышы тыйым салынған жерде шаңғы тепкен.

«Үшеуі де көшкін астында қалған. Екі жәбірленуші өз бетінше шыға алған, үшінші адамды «Шымбұлақ» курортының құтқарушылары қар астынан алып шықты. Зардап шеккендердің жеке басы анықталады», – деді Алматы қаласы бойынша ТЖ департаменті өкілі.

Айта кетейік, ТЖД бұған дейін көшкін қаупі туралы ескерткен болатын. Ақпарат SMS және БАҚ арқылы таратылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!