фото: baq.kz
Алты айда Қазақстанда 54 сауда үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанда жалпы аумағы 87,3 мың шаршы метрді құрайтын 54 сауда үйі пайдалануға берілді. Аталған нысандардың нақты құны 39,7 млрд теңгені құрады.
Сауда үйлерінің ең көп саны Шымкент қаласында (15 нысан) және Қызылорда облысында (14 нысан) тіркелді.
Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 39 мың шаршы метр болатын 60 супермаркет іске қосылды. Олардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге. Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (21 нысан), сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында – әрқайсысында 12 нысаннан ашылды.
Сондай-ақ, аталған кезеңде жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын 176 минимаркет пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны 11,2 млрд теңге болды.
Минимаркеттердің ең көбі Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстарында ашылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!