Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

KAZINFORM – Телефон және интернет алаяқтықпен күрестің жаңа кезеңі басталды. Қала прокуратурасының бастамасымен Қазақтелеком АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жұмыс сапарымен қадағалау органына барды.

Кездесу барысында ұлттық телеком-оператор басшысы киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін құрылған «Антифрод-колл-орталықтың» жұмысымен танысты.

Мамандардың айтуынша, бұл тетік қылмыстарға қарсы тек әрекет етуге емес, олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтардың қаржылық шығынға ұшырау және психологиялық қысым көру тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Қала прокуратурасы мәліметінше, алаяқтардың ең көп таралған схемалары – жалған тауар жеткізу, туыстарының атынан жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама тарату, салық органдары атынан қоңырау шалу және медициналық тексеруге шақыру.

Кездесу қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықпен күресті күшейту үшін цифрлық байланыс саласындағы өзге провайдерлерді тарту арқылы әріптестікті кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылды арттыру жүйенің техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, азаматтарды қорғау тиімділігін күшейтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!