Sputnik. Шымкенттік оқушы әлемнің 47 университетінен шақырту алды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өмірбай Бергей «Жалын» мектебінің11-сынып түлегі, «Қаржы» мамандығын таңдаған. Жалпы стипендия құны 979 000 АҚШ долларын құрайды.

Жанайдың академиялық жетістіктері де айтарлықтай:

IELTS – 6.5,

SAT – 1290 балл.

Оның сүйікті пәндері – математика мен ағылшын тілі. Бұл пәндер болашақ қаржы маманы ретінде логикалық және коммуникативтік дағдыларын шыңдауға көмектескен.

Сонымен қатар ол қытай және түрік тілдерін де меңгеріп, түрлі елдің мәдениетін тануға қызығушылық танытып келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!