Адырна. Шымкент қаласындағы “Білім-инновация” қыз балаларға арналған №2 лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Дайана Тулкунова халықаралық білім кеңістігінде зор жетістікке жетіп, әлемдік деңгейдегі 8 беделді университет пен мектептен ресми шақырту алды.

Атап айтқанда, Chinese University of Hong Kong (QS World #36), Германиядағы толық грант ұсынған Constructor University, SP Jain School of Global Management, Guangdong Medical University, Guangxi University of Electronic Technology (GUET), North China University of Science and Technology, Shandong University of Technology және Италиядағы толық грантпен шақырған H-Farm International School сынды оқу орындары Дайанаға есігін ашты.

Сонымен қатар ол LaunchX және Lumiere Academy секілді беделді зерттеу бағдарламаларынан грант иеленіп, ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік алды. Дайана — International Biology Olympiad (OCSO) және INFOMATRIX халықаралық олимпиадаларының финалисі, соңғысында қола медаль жеңіп алған. Бұл табыстарының арқасында АУЭС және АЭТУ университеттерінен де білім гранттарына ие болды. Сонымен бірге, ол 2025 жылы Малайзияда өтетін World Economic and Leadership Forum аясында әлемдік жас көшбасшылар қатарына арнайы шақырту алған.

“Осы жылдың басында шетелге оқуға түсу туралы шешімді кеш қабылдадым, бірақ ешқашан кеш емес екеніне көзім жетті. Қазір медицина жолын таңдадым. Арманым — елімнің игілігіне қызмет ететін білікті хирург болу. Ең бастысы — сенім мен тынымсыз еңбек бәрін жеңеді”, — дейді Дайана Тулкунова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!