Шымкенттегі №65 мектеп-гимназиясының оқушы Серік Нұрым әлемнің жетекші 50 университетінен шақырту алған. Бұл туралы Otyrar.kz сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Серік Нұрым АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Испания және Гонконг университеттерінен шақырту алды.
Серік өзінің болашағын ақпараттық технологиялар саласынан көреді. Ол деректерді талдау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бағытына қызығады. Ол 50 университеттің ішінен Малайзиядағы Қытай университетін таңдаған.
«Мен әлемдік деңгейдегі IT маманы болуды және болашақ технологиялардың дамуына үлес қосуды армандаймын», – деді Серік.
Оның білімге құштарлығы, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруі және технологияға деген құштарлығы оған бірегей мүмкіндіктер ашты.
Сынып жетекшісі Анар Құлымбетова оқушының болашағы зор екеніне сенімді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!