Фото: Skifnews.kz 

Экс-депутат, әнші, жыршы, Бекболат Тілеухан билікке айтқанға көнетін, жуас адамдар баратынын айтты.

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Билікке өте дерзкий адамдарды әкелмейді. Арон Атабаевтар қорқынышты, өйткені айтқанынан қайтпайды. РОВД-ға кіргізіп, ішінен 10-15 минут таяқтың астына алғанда, судан шыққан сарышұнақ құсап сүмірейіп тұратын Ринат сияқты адам керек билікке. Шындап қысып жібергенде сүмірейіп шыға келетін адам керек. Бір қарағанда қайратты болуы мүмкін, бірақ шындап қысып жібергенде құйрығын екі бұтының арасына қысып алып қашатын адам керек. Ринат тізерлеуімен мынамен жұмыс істеуге болады дегенін көрсетті. Қазір кім исламға тиіссе, сол жұртқа ұнайды. Ақырында Ыбырай сұмырай деп аяғы аспаннан келді. Ыбырай сұмырай емес. Ыбырай – мұсылманшылықтың тұтқасын алғаш жазған адамдардың бірі, – дейді Бекболат Тілеухан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!