Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылып, елге жеткізілген әрі қамауға алынған.

Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы), – делнген ҰҚК хабарламасында.

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!