Sputnik. Биыл елде жинаоған мақта өнімінің көлемі 430 мыңды құрады, деп хабарлады үкіметте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.Ведомство басшысы бұл әртараптандырудың нәтижесінде болып отырғанын мәлімдеді.
«2025 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 миллион тоннаға жетті, ал мақта өнімі шамамен 430 мың тоннаны құрады. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш», – деді Сапаров.
Министр майлы дақылдар мен бұршақ дақылдарын өсімнің негізгі өзегі деп атады. Себебі, бұршақ дақылдарынан 1,1 млн тоннадан астам рекордтық өнімі алынған. Оның ішінде:
- жасымық – 842 мың;
- бұршақ – 222 мың;
- ноқат – 22 мың тонна.
Майлы дақылдардың өнімі 4,8 млн тоннаны құрады: күнбағыс – 2,3 млн тонна, зығыр – 1,4 млн тонна, рапс – 522 мың тонна.
Сапаров әртараптандыру жұмыстары одан әрі жалғасатынын айтты. Бұл ауыспалы егісті дұрыс ұйымдастыруға, топырақ құнарлылығын сақтауға және фермерлер үшін тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
