Сот мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4 мамырда аппеляциялық сот отырысы өтті.

«Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын», – делінген соттың хабарламасында.

Еске салсақ, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған. Кейін ол бір айға қамауға алынды.

Ал 7 қаңтарда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады .

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!