Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ
Солтүстік Қазақстан облысында электр пойыздары тоқтаусыз жүруі үшін келесі жылға 900 млн теңге субсидия бөлінді, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Әлеуметтік желіде тұрғындар жаңа жылдан бастап «Петропавл-Булаево» бағытындағы электр пойызының тоқтайын деп жатқанын айтып, шағымданды.
Айтуларынша, бұл туралы көлік машинисі хабарлаған. Жол бойындағы елді мекен тұрғындарының көпшілігі қалаға қатынап жұмыс істейді. Сол себепті, кез келген ауа райында тоқтамай жүретін көліктің бұл түріне сұраныс жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– Өңірде электр пойызы екі бағыт бойынша жүреді, олар: «Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Макушино» бағыттары. Электр пойыздары жұмысын тоқтатпайды. Бұл бағыттар бюджет есебінен субсидияланады. Келесі жылға 900 млн теңге бөлінді, – деді басқарма басшысы Ерден Шортыбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!