Қызылордада Халықаралық студенттер күніне орай STUDENTS WEEK апталығы өтеді. Бұл туралы Қызылорда студенттерінің Альясының төрағасы Расул Базарханұлы мәлімдеді.
Биыл 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған 11 қарашадан бастап түрлі жобалар ұйымдастырылады. Қызылорда студенттерінің Альясының бастамасымен әр күнге арнайы атау беріліп, студенттер белсенді қатысатын бағыттар анықталған. Төрағаның дерегіне сәйкес,
- 11 қараша – Зияткерлік күні;
- 12 қараша – Спорт және мәдениет күні;
- 13 қараша – Ұлттық күн;
- 14 қараша – Достық және бірлік күні;
- 15 қараша – Қайырымдылық күні;
- 16 қараша – Экология күні;
- 17 қараша – Халықаралық студенттер күні.
Тақырыптарға сәйкес түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың барлығы студенттерді қоғамдық ортаға тартуға, дамуына, бейресми білім алуына, достық қатынасты нығайтып, ынтымақтастық ортатуға және құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
Апта бойы өңір студенттері STUDENTS WEEK апталығының шараларына қатысып, апталықтың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосады.
Сонымен қатар, STUDENTS WEEK-тің қорытындысы бойынша Қызылорда облысы студенттерінің I Құрылтайы өтеді. Құрылтайға өңірдегі студенттік мәселелерге жауапты тұлғалар, басқарма, бөлім және мекеме басшылары, студенттік омбудсмен, ЖОО және АООО өкілдері мен оқу орындарындағы ҚСА бөлімшелерінің басшылары қатысады деп жоспарлануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!