Жоғары оқу орындарының студенттеріне төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.

Соған сәйкес:

– Университет студенттері 36 660 теңге алады (бұрын 31 423 болған);

– Мұғалім және дәрігер мамандығы бойынша оқитын университет студенттеріне – 58 800 теңге (бұрын 50 400 болған);

– Интерндер – 66 403 теңге (бұрын 59 289 болған);

– Магистранттар – 86 987 теңге (бұрын 76 950 болған);

– Назарбаев Университетінің магистранттарына – 162 500 теңге (бұрын 143 750 болған);

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттар мен докторанттарға – 195 000 теңге (бұрын 172 500 болған);

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 100 036 теңге (бұрын 88 494 болған) тағайындалды.

Басқа шәкіртақылардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/studentterdin-shakirtaqysy-osti-289645/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!