Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі соңғы ақпаратты жариялады. Бұл туралы KAZINFORM ақпарат агенттігі хабарлайды.

Республика бойынша 54 703 адам үйіне оралған.

5 291 адам, оның ішінде 2 239 бала эвакуация пунктінде қалып отыр. 

11 134 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

18,5 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды.

7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!