Фото: ТЖМ

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 111 256 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлйды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 6 717 адам, оның ішінде 2 952 бала эвакуациялау пункттерінде. 11 991 адам өз үйлеріне оралды. 107 613 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. ОКҚ өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш осындай мәліметтерді жариялады.

«Жұмылдырылған күштер мен құралдар 9,6 млн текше метрден астам еріген қар суын сорып шығарды, 2,3 млн қапшық және 1,2 млн тоннадан астам инертті материал төседі. 3 565 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында  5405 жеке тұрғын үй, 1 579 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалуда», – деді спикер.

Су тасқыны салдарын жою және су тасқынына қарсы іс-шаралар, авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 140 адам, 4 200 техника, 858 су сору құралы, 335 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!