Фото: akorda.kz

Су тасқыны жағдайы туралы соңғы ақпарат шықты. Сағат 10:00-дегі мәліметке қарағанда, су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам құтқарылған, деп хабарлайды Халық үні.

  • Уақытша орналастыру пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналасты. 82 559 мал қауіпсіз жерге апарылды;
  • Зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді;
  • Апаттық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 651 техника, 10 тікұшақ тартылды;
  • Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 339 аула аумағы су астында қалды;
  • Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!