Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен 7 393 отбасыға жаңа баспана берілді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
«Биылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер алды, оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды», – деп жазылған хабарламада.
Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілді.
Сонымен қатар 34 247 отбасыға 12 627,7 млн теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төленді.
Бірінші қажеттіліктегі жоғалған заттарын сатып алу үшін 9 994 млн теңгеге 21 880 отбасыға 150 АЕК-ке дейінгі көлемде қосымша төлем берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!