Қоғамда Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі» тақырыбында форум өтті. 

Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері мен тілшілер қатысты.

Форумда облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аймақта қоғамның індетіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресте тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, азаматтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі белсенді жүргізуге шақырды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары» тақырыбында өткізілген мақала байқауының жеңімпаздарын марапаттады.  

Өз кезегінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Мырзалы арнайы сөз сөйледі. Сонымен қатар өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

Жиын соңында жастардың арнайы үндеуі оқылып, мерекелік бағдарламамен жалғасты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заң үстемдігі» атты форум өтті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!