Соңғы уақытта Сыр өңірінде медициналық нысандар құрылысы ерекше қарқын алды. Ағымдағы жылы 80-нен аса халыққа бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 келушіге арналған аудандық емхана ғимараты қолданысқа берілді. Сондай-ақ Жалағаш ауданындағы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, медициналық ғимараты жоқ Арал ауданындағы Тастүбек және Қазалы ауданындағы Жұбан елді мекендерінде 2 медициналық бекеттің тұсауы кесілді.
Облыста денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен жылпы құны 2,9 миллиард теңгені құрайтын Қызылорда қаласының сол жағалауында IV санатты жылына 5000-10000 донация облыстық қан орталығын құрылысы бастау алды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауын ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 орындық көп бейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесі бар) құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 36,4 миллиард теңгені құрайды.
Қызылорда өңірі аймағы үшін жедел және шұғыл қажеттілігін ескере келе, аталған нысанның іске асырылуына жоғары тұрған уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетіліп, 2023 жылы жұмысты бастау үшін республикалық бюджеттен 700,0 миллион теңге қаражат бөлу жоспарға қойылып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!