Қызылордада Ораза Айт мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекеге орай қала мешіттерінің ауласында ұлттық нақыштағы қазақ үйлер тігіліп, жамағатқа ақ дастархан жайылды.
Айттық шараға жиналған тұрғындар мен қонақтар үшін Наурыз көжеден бастап, өзге де ұлттық тағамдар ұсынылып, көпшілік мерекелік көңіл-күйге бөленді. Дәстүр мен дінді ұштастырған игі шарада ел бірлігі мен бауырмалдық құндылықтары кеңінен насихатталды.
Жалпы облыс бойынша Ораза Айтты тойлауға шамамен 19 мың адам қатысып, Қызылорда жұртшылығы мерекенің шаттығын бірге бөлісті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!