Н.Ахмадеева атындағы № 112 орта мектепте мереке қарсаңында «Тәуелсіздік – ел мерейі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Шара барысында оқушылар Отан, туған жер, атамекен секілді тақырыптарда өз өлең шумақтарын оқып, Қазақстан туралы ой-пікірін айтып, тәрбие сағатына белсене қатысты.

«Мектеп қабырғасындағы жастардың Тәуелсіздік қалай келгендігі жайлы білгілері келетіндігі қуантарлық жағдай. Осындай шараларды тек желтоқсан айы жақындағанда ғана өткізбей, басқа уақыттарда да жиі өткізуді қолға аламыз», -дейді мектеп ұстаздары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!