Фото: видео кадры

Жас өнерпаздар №12 Шымкент-Алматы пойызында Тәуелсіздік мерекесіне орай терме орындап, жолаушыларға ерекше рухани тарту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚТЖ мәліметінше, Ташкентте өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алып, Дубайда өтетін беделді жарысқа жолдама иеленген жас өнерпаздар елге үлкен жеңіспен оралып келе жатқан.

«Сапар барысында талантты домбырашылар «Халық термесін» орындап, өздерінің өнердегі шеберліктері мен ұлттық мұраға деген сүйіспеншіліктерін паш етті. Терме мәтіні туған жерге деген махаббат пен ұлттық құндылықтарды насихаттайды», – делінген хабарламада.

Балалардың айтуынша, бұл – Тәуелсіздік күніне арнаған ерекше тартулары. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!