Фото: Ашық дереккөзден
Үкімет Атырау әуежайына тиесілі «ATMA – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ акцияларын Катардың QazAir Investments LLC компаниясына сатуға рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуежай бұған дейін “Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş.» компаниясына және Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі еді.
“Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş.» компаниясына «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50%-ын, сондай-ақ «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50%-ын «QazAir Investments LLC» компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуына рұқсат етілсін”, – делінген хабарламада.
Қазақ-түрік «АТМА-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ бірлескен кәсіпорны 1993 жылы құрылған. Ол жолаушыларға қызмет көрсету, пошта, жүк және багажды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған арнайы жабдықты беру және әуе айлақының аумағында үй-жайларды жалға берумен айналысады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!