4 наурызда Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған қазақстандықтар мінген ұшақтар әуежайларға қонды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:
- KC2202 рейсі Ақтауға сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;
- KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;
- KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;
- KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.
Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.
«Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген ААК хабарламасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
