SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде QirSabyn Telegram-арнасында жалған ақпарат жариялауға қатысы бар адамдардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, аты аталған Telegram-арна жүргізушілері атақты адамдар туралы материалдар жариялап, олардан ақша бопсалаған.
«Тергеу деректері бойынша 18 желтоқсанда схеманың артында тұрғандар анықталды. QirSabyn Telegram-арнасының үстінен екі адам арыз жазған. Олардың бірі ірі құрылыс компаниясы иесінің әйелі, екіншісі – жоғары лауазымды адамның ұлы. Екі арыз да бір өндіріске біріктіріліп, іс «Аса ірі көлемде бопсалау» бабы бойынша сараланған. Тергеу Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобына жүктелді. Ал оларға Қаржы мониторингі агенттігі де қол ұшын созды, –дейді журналист.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!