Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласындағы көкейтесті мәселелердің бірі тауарлық белгіні мемлекеттік тіркеу болып отыр. Негізінен кәсіпкерлер тауартаңба ретінде өздерінің логотиптерін тіркейді. Логотип – бұл фирмалық стильдегі элемент. Тауар белгісінің жиі тіркелетін нысаны фирмальқ түрде салынған, яғни фирманың немесе фирмамен шығарылатын тауардың толық немесе қысқартылған атауын ерекше етіп жазу.

Тауар таңбасы – тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды не жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қолданатын белгi. «Тауар таңбасы туралы» заңының 5-бабына сәйкес, тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан, қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы сияқты жекешелендіру құралына айрықша құқығы бар құқық иеленуші оны пайдалануы, айналымға қосуы, сонымен қатар, өзіне тиесілі таңбаға иелік етуі мүмкін.

Тауар таңбасын пайдалану заңмен белгіленген тәртіпте оны қандай да болсын айналымға енгізу болып есептеледі. Сонымен, тауар таңбасын заңмен белгіленген тәртіпте айрықша құқығы бар тұлға оны заңға қайшы келмейтін кез келген әдістермен пайдалануға, иелік етуге құқылы. Және де ҚР Азаматтық кодексінің 1032-бабына сәйкес, тауар белгiсiн не оған араласу дәрежесiне дейiнгi ұқсас белгілеудi заңсыз пайдаланушы тұлға тәртiп бұзуды тоқтатуға, тауар белгiсiнiң иесiне келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi. Тауар таңбасына айрықша құқықтары бұзылды деп есептеген құқық иеленуші өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік және сот органдарына шағымдануы мүмкін.

Компаниялар, соның ішінде шет ел компаниялары, Қазақ стан аумағында халықаралық тіркелген тауар таң балаларының иесі болса, онда басқа тұлғаның атына бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты араласып кеткен немесе ұқсас белгiлерді тіркеуге қарсылық білдіруге құқылы. Қарсылықтар жазбаша түрде ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментінің апелляциялық кеңесіне тапсырылады. Апелляциялық кеңес қарсылықты қанағаттандыру не қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімді шығарады. Апелляциялық кеңестің шешімімен келіспеген жағдайда тауар таңбасының иесі тауар таңбасына иелік ету құқықтарын қорғау үшін сотқа шағым дана алады.

Тауар таңбалары заңмен қорғалады. Заңда “тауар белгісін пайдаланудың дәлелi болып оның тiркелуiне себеп болған тауарларда және (немесе) олардың бумасында тауар белгісі иесiнiң немесе осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісіне құқық беру туралы шарттың негiзiнде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы есептеледi. Тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшажазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар белгісіне құқықты беру немесе Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн. Тауар белгісінің иесi беретiн оны пайдалану дәлелдемесi қарсылықта көрсетiлген уақыт кезеңiне қатысты болуға тиiс. Тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның қолданылуын тоқтату туралы мәселенi шешу кезiнде тауар белгісі өзiне қатысты емес жағдайларға байланысты пайдаланылмағаны жөнiнде иесi ұсынған дәлелдемелер назарға алынады” делінген.

З.АЙТЖАНОВА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданаралық әділет басқарма басшысының м.а.

ҚР «Заңгерлер одағының» мүшесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!