Елімізде енгізілген Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні – Тазару күні аясында Қызылорда қаласында тал егу акциялары ұйымдастырылды.

Жаңару мен тазарудың жаршысына айналған аталмыш дәстүр қаладағы саябақтарда өтті.

Денсаулық және демалыс саябағында өткен шараға қала әкімі, ардагерлер, түрлі мекемелердің ұжымдары және ерікті жастар белсенді қатысып, 1000-нан аса көшет отырғызды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!