Фото: wikimedia

Kaz.zakon.kz. Тазы жүгіртіп, құс салу – бабадан балаға жеткен ұлы өнер. Есте жоқ ескі заманнан бері саятшылық құрған қазақтың сенімді серігі тазының қадірі артып, қатары көбейіп келеді. Иә, асыл өнеріміз бүгінгі күні ұлықталып, тазыны әлем тани бастады.

Құмай тазыны қазір өзге елдің президенттерінің ауласынан да көруге болады. Қазақ тазыны жарғақ және шашақ құлақ деп екіге бөлген.

Бүгінде шашаққұлақтыларды көбейтіп, астына тонын төсеп, төріне шығарып жүрген саятшының бірі – Абзал Досыман. Итбегі қазақтың жеті қазынасын әлемге танытып келеді, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Оның 4 қар басқан Нейзи атты тазысы елордадағы көрмеде Франция мен Түркия президентін тәнті еткен. Эмманюэль Макрон тіптен таңдай қаққан деседі.

«Бұл Нейзидің басынан Франция мемлекетенің басшысы Макрон сипаған. Қазір енді Макронда да қазақтың екі тазысы бар, Мемлекет басшысы сыйлаған. Екі тазы Жанна мен Жюльдің Нейзимен линиялары бір. Олар да жарғаққұлақты, түстері де бір. Нейзидің, біріншіден, психикасы түзу, жаман қылықтары жоқ. Тостағанды алдына қойып, тамақ берген кезде тостағанға асықпай келеді. Бұл тазының тектілігін білдіреді.»Абзал Досыман, «Nomad» ұлттық аңшылық клубының жетекшісі

Бәрімізге белгілі Мемлекет басшысының 3 бірдей тазысы бар. Кішісі Наурыз 1-ден асса, үлкені Нэнси 5 қар басқан. Ал үшінші тазы Ронни атты тазысы 4 жаста. Дәл осы Ронниді ел Президентіне итбегі Абзал Досыман сыйға тартқан. Қазір бұл жерде Абзалдың 10-ға тарта тазысы бар. Оларды күзге салым Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін көремеге дайындап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!